«ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылғандай, енді Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынады.
«Міндеттері — Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», делінген жаңа редакцияда.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде көрсетілгендей, бұл шешім «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты қабылданып отыр.
Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.