Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.