• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Маусым, 2023

Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

800 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 миллион 854 мың 83. Олардың  12 миллион 276,3 мыңы қалада тұрса, 7 миллион 577,7 мыңы ауыл тұрғындары.

Әйелдер саны - 10 161 470. Ерлер саны - 9 692 613.   Статистика мәліметтері бойынша, 2023 жылы мамыр айына дейін 93 538 сәби туған. Ал 32 624 адам қайтыс болған. Табиғи өсім көрсеткіші 60 914.    Осы уақыт аралығында 7 680 адам көшіп келіп, 2 664 адам көшіп кеткен.