Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін «Конгресс-Холл» сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Айта кетейік, санаулы минуттардан кейін «Конгресс-Холл» сарайында Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Кеңес басшыларының екінші кездесуі басталады.