• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экспорт 02 Маусым, 2023

Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады

426 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Еуропаға экспортталатын мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ортақ мүдделерге сүйене отырып, біз осы стратегиялық маңызды мұнай құбыры арқылы ұзақ мерзімді және тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін ЕО-ның одан әрі қолдауына сенеміз», деді Президент. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан әзербайжандық әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта Транскаспий бағытын да дамытып жатыр. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері Қазақстан мұнайы Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна көлеммен айдалды.

«Орта мерзімді перспективада біз Ақтау-Батуми бағытында мұнай экспортын кеңейтуді, сондай-ақ Транскаспий бағытының құбырлары арқылы айдау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар Қазақстан «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай жеткізе бастады. Осы жылдың басынан бері 90 мың тонна көлемінде жеткізілім жүзеге асырылды.

«Бұл көрсеткішті алдағы уақытта ұлғайту мүмкіндігімен жылына 1,2 миллион тоннаға жеткізу мүмкіндігі бар», деді ел Президенті.