• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 03 Маусым, 2023

Парламентте депутаттық топ құрылды

405 рет
көрсетілді

Сенат Бюросының мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Бір ел – Бір мүдде» депутаттық тобын тіркеу мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында «Бір ел – Бір мүдде» депутаттық тобын құру туралы бастама көтерген болатын.

Депутаттық топтың құрылу мақсаты қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету.

Топтың құрамында  Парламенттің 30 депутаты бар. Депутаттық топтың жетекшісі болып Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева хатшысы болып сайланды.