«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға болатын университтер қатарына тағы 25 білім ордасы қосылып, 261-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес тізімге төмендегі университтер қосылды:
Сан-Паулу университеті (Sao Paulo университеті); Лувен католиктік университеті (Université Catholique de Louvain); Берлиндегі Гумбольдт университеті (Берлин Гумбольдт университеті); Помпеу Фабра Университеті (Universidad Pompeu Fabra); Падуа университеті (Università di Padova); Сычуань университеті (Sichuan University); Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (Southern University of Science and Technology); Лозанна федералды политехникалық мектебі (Swiss Federal Institute of Technology Lausanne); Ухань Университеті (Wuhan University); University of California, Santa Cruz. Жоғары басқару, ақпараттық технологиялар және коммуникация мектебі (IMT); Жоғары инженерлік мектеп (ESTP); Лионның ұлттық қолданбалы ғылымдар институты (INSA); Ұлттық Көпірлер мен жолдар мектебі (ParisTech); Гренобль Альпі университеті (Гренобль политехникалық институтын қамтиды); Лотарингия Университеті; Страсбург Университеті; Пуатье Университеті; Бордо Университеті; Экс-Марсель Университеті; Лион Жоғары Инженерлік Мектебі; Нант Жоғары Инженерлік Мектебі; Бордо саяси зерттеулер институты (Science Po Bordeaux) Сегед университеті; Дебрецен университеті.Еске сала кетейік, «Болашақ» степендиясына қабылдау 5 маусымда басталады.