• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2023

Өскеменде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты сот өтіп жатыр

651 рет
көрсетілді

Биыл көктемде Өскемендегі мектеп және колледж оқушыларының төбелесі қоғамдық талқыға түскені белгілі. Әсіресе, қаладағы сауда үйлерінің біріндегі әжетханада кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар колледж оқушысын соққыға жыққан, оны бейнекамераға түсірген…

Бүгін аталған іске қатысты бірінші сот отырысы өтті. Алайда судья айыпталушы тараптың және прокурордың ұсынысымен сот жабық түрде өтеді деген шешімге келді.

Жәбірленуші қыздың анасы мен туған-туыстары ғана соттың ашық өтуін сұрады.

«Қызымды ұрып, бейнекамераға түсіргенде кәмелеттік жасқа толмағанын білді ғой. Оның үстіне, Аяулымның ата-анасынан басқасы кешірім сұрап келмеді. Күдіктілер жазаның ең қатаң түрін алса екен», дейді жәбірленушінің анасы Альмира Досымова.

Айтқандай, сот бұдан былай жабық өтеді. Прокуратура өкілі түсіндіргендей, сот шешімі шыққан соң істің бүге-шігесі ресми түрде хабарланады.