Италиялық «Милан» мен Швеция құрамасының 41 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ол Италия чемпионатының соңғы турындағы «Милан» мен «Верона» арасындағы кездесуден кейін хабарлады.
41 жастағы шабуылшы биылғы маусымда жарақатына байланысты 4 ойынға қатысып, жанкүйерлерін 1 ғана голмен қуантқан.
Златан футболдағы мансабын «Мальме» командасында бастаған. Одан кейін Амстердамның «Аякс» клубында ойнап танылды. Италияның ең мықты саналатын «Ювентус», «Интер» және «Милан» клубтарында ойнады. Сондай-ақ ПСЖ (Франция), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында да өнер көрсеткен.
Айта кетсек, Златан Ибрагимович Швеция ұлттық құрамасында болған кезде 122 ойынға қатысып, 62 гол соққан.