• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Маусым, 2023

Халықаралық ұйымдардың оң бағасы

262 рет
көрсетілді

Экономикалық ын­ты­­­мақтастық пен да­му ұйымы жә­не­ БҰҰ Есірткі және қыл­мыс­тар жөнін­дегі бас­қар­масы еліміз­дің сыбайлас жемқор­лыққа қарсы саясатын оң атап өтті.

Парижде ұйым­дас­ты­рыл­ған ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі басқарушы тобының отырысы мен Ғаламдық сыбайлас жемқорлықпен күрес форумында еліміз мониторингтің төрт кезеңінен сәтті өтіп, ЭЫДҰ сарапшылары бе­кіткен ұсынымдардың басым бөлігін орындады. Енді шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу жос­парланып отыр.

ЭЫДҰ-ның барлық ұсы­­­нымдарын орындау арқылы еліміз таяу жылдары дамыған елдердің клубына мүшелікке үміткер бола алады. Болашақта бұл ЭЫДҰ елдерімен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар­дың заңсыз мүліктерін қайтару мәселелері бо­йынша ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жиында Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының орын­басары Дмитрий Малахов­тың басшылығымен Қазақ­стан делегациясы жем­­­қор­лыққа қарсы тиімді күреске бағытталған соңғы өзгеріс­терді ұсынды. Атап айт­қанда, бірінші басшы­лар­дың қарамағындағылар үшін дербес жауапкершілігі, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судья­лардың сыбайлас жем­қорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті арттыру, заңсыз шығарылған актив­терді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды кешенді қорғау шаралары сияқты нормалар мен заң­наманы халықаралық стан­дарттарға сәйкес қатаңдату туралы сөз болды.