• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Маусым, 2023

Биыл автомектептер 441 млн теңгеге қызмет көрсеткен

666 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері жүргізушілерді даярлау мектептері 441,3 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро ұсынған деректерге сәйкес, бюджет есебінен - 27,3 млн теңгеге, кәсіпорындар есебінен – 44,9 млн теңгеге, халық қаражаты есебінен – 369 млн теңгеге қызмет көрсетілген. 

«Қызметтердің ең көп көлемін Батыс Қазақстан облысының автомектептері көрсеткен – 64,5 млн теңгеге, одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстарын атауға болады, сәйкесінше 55,2 млн және 46,8 млн теңгеден. Көлік жүргізушілерін оқыту бойынша қызметтің ең аз көлемі Шымкент қаласында – 3,4 млн теңге», делінген ведомство хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар