• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Театр 06 Маусым, 2023

Оңтүстік Кореяда «Роза Бағланова» қойылымы сахналанды

297 рет
көрсетілді

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Astana Musical» мемлекеттік театры сахналаған «Роза Бағланова» қойылымы Daegu International Musical фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды  Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Қойылымда Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жүлдегер атанғанын да айта кету керек. Актриса Англия, Германия және Франциядағы әріптестерінен басым түсті.

Daegu International Musical Festival – жыл сайын Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен театр ұжымдарын жинайтын беделді халықаралық іс-шара. Биыл ол 17-ші рет өтті.

Айта кетейік, Astana Musical ұжымы Daegu International Musical  фестивальіне алғаш рет қатысты.