• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2023

Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді

4973 рет
көрсетілді

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев өзіне қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

«Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді», делінген облыстық сот хабарламасында.

Еске сала кетсек, осы жылдың 28 сәуірінде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол соттағы соңғы сөзінде өз кінәсін мойындаудан бас тартқанын айта кету керек.

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Азаптау болмады. Тағылған айыптар сотта дәлелін таппады», деді Серік Күдебаев.