Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.