Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумындағы сөзін қорытындылай келе, форум серіктестікке бастайтынына сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мен оптимистік көзқараспен алдағы екі күнде өтетін конструктивті талқылау бізді оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдіремін», деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында ол мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет екенін еске салды.
«Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.