ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланған.
2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы:
Астанада – 36 135 теңге; Алматыда – 42 759 теңге; Шымкентте – 41 158 теңге.Басқа өңірлердегі бағаларды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.