Біз қазір өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұл – бірполярлы кезең. Бізге көпполярлы кезең керек. Бәлкім, менің айтқалы отырған ойымның атауы да жоқ шығар. Қазір қоршаған әлемге мүлде басқа көзқараста қарауымыз қажет. Жаһан шиеленістен шығу жолдарын табуға тиіс.
Консервативті күштер арасындағы жанжалдар салдарынан және жаңа өсіп келе жатқан «ойыншылардың» кесірінен халықаралық қатынастарға сызат түсіп отыр. Біз керісіне бейбітшілікті ілгерілетуіміз керек. Сондықтан әлемге Қытайды да, Ватиканның да уәжін бірдей тыңдай білуі маңызды.
Ал Қазақстан туралы айтсақ, бұл ел – жас республика. Алайда ел осынау 30 жылдың ішінде көп өзгеріп, жаңа Қазақстан пайда болды. Сонымен қатар аталған уақыт ішінде Қазақстанда экономикалық эволюция пайда болды. Елде жастардың саны артқан, өскелең ұрпақ – жас елдің болашағы екендігіне күмәніміз жоқ.
Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты Президенттің, Үкіметтің жаңарып, Конституцияға өзгерістер енгізілгенін де білеміз. Бұған қоса экономика мен бизнесті ілгерілету бағытында Конституцияға жаңа баптардың қосылуы өте маңызды.
Қазақстан – Орталық Азиядағы негізгі қозғаушы күш. Менің ойымша, Қазақстан басшылығы өңірдің басқа елдерін қолдауға жауапты. Өйткені Қазақстанның рөлі – Орталық Азиядағы теңдестірілген әлеуметтік-экономикалық жағдайға жәрдемдесу. Қазақстан Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдікке ғана емес, кейбір геосаяси аспектілерге де жәрдемдесе алады.
Сонымен қатар Астана қаласы соңғы 20 жыл ішінде бейбітшілік пен өркениеттер диалогына арналған форумдардың алаңы, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың назарын ядролық бейтараптық проблемасына аударады.
«Бір белдеу – бір жол» бастамасына қызығушылықтың артуы оған Қазақстанның қатысуы және бастама шеңберіндегі ортамерзімді ынтымақтастықтың перспективалы екенін айтқан жөн.
Тұтастай алғанда, Қазақстан әлемдегі көптеген елмен екіжақты тиімді негізде аса тығыз саяси-экономикалық байланыс орнатып үлгерген.
Тиберио ГРАЦИАНИ,
«Vision & Global Trends» талдау орталығының төрағасы