• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 09 Маусым, 2023

Президент Абай облысындағы өртке байланысты жедел тапсырма берді

855 рет
көрсетілді

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.