• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Маусым, 2023

Назарбаевтың кеңсесі жабылады

318 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында Тұңғыш президент кеңсесі жақын арада жұмысын тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрінің сөзінше, қызметкерлердің бір бөлігі өзге ұйымдарға ауысса, қалғаны қысқартылады.

«Ол қазір қайта құрылымдау кезеңінде. Соның аясында адамдар өзге жұмысқа ауысады немесе жұмыстан шығарылады. Оның бәрі Еңбек кодексінің аясында жүзеге асады. Бұл кеңсеге ғана емес, кез келген қызметкерге қатысты. Алдын ала хабарлама берілуі керек, яғни ол жерде жұмыс орны жабылатыны туралы хабарлануы қажет»,  деді Жамаубаев.  

Министрдің айтуына қарағанда, кеңсенің қайта құрылымдауынан 2-3 миллиард теңге қалады.

Ал оның қайда жұмсалатыны бюджетті реттеу кезінде анықталады.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесі қайда орналасатынын Жамаубаев білмейтін болып шықты.