• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Маусым, 2023

Қазақстандық каратэші Жапонияда олжалы болды

202 рет
көрсетілді

Жапонияның Фукуока қаласында каратэден Premier League – Fukuoka 2023 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-лига додасына әлемнің 47 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. 

Қазақстаннан ел намысын 25 каратэші қорғады. Бұл жарыста тек әлемдік рейтингтің алғашқы отыздығына енген спортшылар ғана бақ сынайды.

Сайыс қорытындысы нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының тумасы Дархан Темірәлиев 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ринат Мерғалиевтің шәкірті малайзиялық, сербиялық, жапониялық, кувейттік, германиялық қарсыластарын ұтып, финалда тағы бір жапониялық спортшыға ғана есе жіберді.