«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» мамандары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына қайта оралды, бұл ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндізгі уақытта +17+25 дейін төмендейтінін білдіреді.
Десе де 13-14 маусым күндері республиканың батысында күн қатты ысып, ауа температурасы +40+41°C дейін жоғарылайды.