• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Маусым, 2023

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден беріледі

376 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы жағдайды баяндады. Ормандағы өрт желдің әсерінен оңтүстікке бағыт алған. Министрдің айтуынша, түнде өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүрді: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс. Осының арқасында негізгі ошақ іс жүзінде қоршауға алынды. 12 маусымда таңғы сағат 06:00-ден бастап өрт сөндіру жұмыстары қайта басталды. Қазіргі уақытта 1 530 адам, 320 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдай туралы баяндама жасады.

Үкімет басшысы оқиғаға байланысты 10 күннің ішінде қорытынды жасауға тапсырма берді және Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетін айтты.

Сонымен қатар 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделгенін атап өтті.