• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2023

Абай облысында хабар-ошарсыз кеткен орманшының тракторы табылды

228 рет
көрсетілді

Абай облысындағы өрт аймағында хабар-ошарсыз кеткен 15-ші орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат таратты.

«Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Сергей Архиповтың тракторы табылды. Тасжолдан 1 шақырым жерде тұрған екен. Тракторшының өзі жоқ. Енді құтқарушылар сол елді мекенде іздеу жұмыстарын бастайды»,  делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысындағы өртті сөндіруге шыққан тракторшы Сергей Архиповтың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған едік.