• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әдебиет 13 Маусым, 2023

Майкл Морпургодан балалар жазушысына 5 кеңес

13023 рет
көрсетілді

Балаларға арналған әдеби шығарма жазу бәрінен қиын. Оған таза, шынайы жүрек керек! 

1. Жазушылықты мамандық ретінде қарастырмаңыз. Егер шынымен жазуды жақсы көрсеңіз, жазыңыз! Өзіңіз жақсы білетін тақырып төңірегінде ой қозғаған жөн. Көңіліңіз қаламайтынға жоламаңыз!

2. Жазушының әр сәтті сезіне өмір сүріп, әр құбылысқа баға бере алуы маңызды. Бейтаныс адамдармен тілдесіңіз, бұрын көрмеген жерлерге барыңыз және көп сұраққа жауап іздеңіз. Жазушы қоршаған әлемінің болмысын түсіне және тани алуы керек.

3. Көп оқу керек. Өлең, проза, газет тағы басқа оқу керектің бәрін оқыған абзал. Кейде тіпті қызықпаған тақырыптарды ашып көріңіз. Сізге жаңа әсер сыйлауы мүмкін.

4. Ойларыңызды үнемі қағаз бетіне түсіріңіз. Тіпті өзіңізге біртүрлілеу көрінген ойды түртіп алыңыз. Күнделігіңіз қолыңызда жүрсін. Мен ойымның бәрін кездесуде кішкентай оқырмандарым сыйлаған оқушы дәптеріне жазып жүрем.

5. Жазған өлеңдеріңізді, әңгімелеріңізді ой елегінен бірнеше рет өткізіңіз. Бұл жақсы туындының негізі әрі сіздің жазушылық қабілетіңізді шыңдай түседі. Жазғандарыңызды әуелі өзіңізге дауыстап оқыңыз. Сіз оны тыңдаған кезде көп кемшілігін байқайсыз.