• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2023

Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді

440 рет
көрсетілді

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысымен келісіле отырып, ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен эвакуацияланған Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары мен 8 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті күзетіп, ауылда қалған кейбір тұрғындарды эвакуациялауға және зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Аталған орындарда жауынгерлік қызмет Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің жеке қадағалауымен ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда орналасқан ауылдарға қауіп төндіріп тұр.