Бүгін, 13 маусымда танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар», деп жазды журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook парақшасында.
Айта кетсек, Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен.