• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Банк 14 Маусым, 2023

«Jusan Bank» активтері елге қайтарылды

1838 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, «Jusan Bank» активтері еліміздің юрисдикциясына толығымен қайтарылды.

2021 жылы жоспарланған іс-қимыл нәтижесінде «Jusan Bank» және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бір­қа­тар басқа да ірі активтерін қам­титын «Jusan» тобы ше­тел­дік юрисдикцияға шы­ға­рылып, үкіметі бақылау құқығынан айы­рыл­ған­ еді.

«Әді­лет министрлігі бас­қа­ мем­ле­кеттік органдармен­ бір­ле­с­іп қа­былдаған іс-шаралар нәти­­­жесінде «Jusan» тобын қа­зақ­­­стандық юрисдикцияға қай­та­­­ру­­ға қол жеткізді. Қажетті құ­­­­­­жат­­­тарға қол қойылды. Қа­зақ­­­­­стан заңнамасына сәйкес топ үкіметтің және басқа да мем­­лекеттік құрылымдардың бақы­­лауымен жұмыс істейтін бола­­ды» делінген министрлік мәлі­­метінде.

Енді «Jusan Bank» еліміздегі білім беру ұйымдарын қаржы­лан­дыруды жалғастыру бо­йын­ша міндеттемелерді өзі­не алды. Банк бұрын алған мем­ле­кеттік көмек мерзімінен бұ­рын қайтарылады. Бұл Мемлекет басшысының шетелге шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жасалған кезекті қадам екенін айта кеткен жөн.

Банк бұл шешімге қатысты пікір білдіріп, оның бір шарты отандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру екенін атады.

«Банк өз қызметін Қазақ­стан Республикасының заң­­­намасына сәй­кес қа­таң­­ түр­де жүзеге асы­­ру­ды жал­ғас­тырады. Біз отан­дас­­тары­мыздың қаржы­лық және қаржылық емес қыз­мет­тер бойынша артып келе жат­қан сұраныстарын қам­та­ма­сыз ете алатын заманауи­ цифр­лық банкингті құру бо­йынша қа­былданған страте­гия­ны ұс­танамыз. Өткен жыл­дың та­бысты нәтижелері және банк­тің ағымдағы қар­жы­лық жағ­дайы өзіне алған бар­лық мін­деттемелерді орын­дау­ға, соның ішінде мемле­кет көме­гінің бір бөлігін мер­зімі­нен бұрын қайтаруға мүм­кін­дік береді» делінген банк мәлім­де­­­месінде.