• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Маусым, 2023

Объективте – бас қаланың бір күні (Фоторепортаж)

999 рет
көрсетілді

Елордамыздың ерке Есілдің бойына еңсе тіктегеніне ширек ғасыр толса, менің дәл осы шаһармен ғұмырымды байланыстырғаныма да 20 жылға жуықтапты. Содан бері Астананың әр күні мен әр түні шығармашылығыма шалқар шабыт сыйлап келеді.

25 жыл бұрынғы бір ғана батыл қадамның нәтижесінде Астанадай ару қаламыз айдай әлемге әйгілі болды. Мұндағы әрбір сәт осы шаһарда ғұмыр кешіп жатқан әр адамның өмірімен тікелей байланысты. Өйткені, Астана өз тұрғындары мен туристерге ерекше энергия сыйлайды. Былайғы жұртқа бас қаланың қым-қуыт тіршілігі сүреңсіз һәм сұрықсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде Астананың құшағы – кең, өмірі – қуаныш. Елорданың бір күндік тыныс-тіршілігін кезекті рет таспаға түсіру кезінде осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Объективке ілінген сол бір суреттерді оқырман назарына ұсындым.

Мархабат!