• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Маусым, 2023

Идеологияның тамыры өзімізде жатыр

380 рет
көрсетілді

Жалпы, бізге идеологияны сырттан іздеудің аса қажеті жоқ. Ол өзімізде бар дүние. Қазақ­стан халқын ұйыстыратын – қазақ ұлты. Ал қазақ ұлтын ұйыстыратын – ата-бабамыздың ұстанған діні мен тілі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, бүкіл мәдени шығармалары. Сонымен қатар өзіміздің классиктердің (Абай, Шәкәрім, М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Мақатаев, Ә.Кекілбаев және басқалар) және Алаш арыстарының туындылары да бұл «майданда» өз орнын табуы қажет. Өкінішке қарай, осы іргелі дүниелерді барлық шығармашылық арналар арқылы (ТВ, кітап, кино, театр, анимациялық фильмдер, кітап, әлеуметтік желілер, т.б.) насихаттау кенже қалып отыр. Отбасындағы, балабақшадағы, мектептегі, колледждегі, университеттегі, меке­мелердегі тәрбие жұмыстарын қазағымыздың асыл мұралары негізінде іске асыруға тиіспіз. Сонда ұлтымыздың тамырына балта шабылмайды, уын шашып жүрген жат ағымдардың ықпалына төтеп беретін, азаматтарымыздың жүрегінде идеологиялық иммунитет, рухани қалқан қалыптастырамыз.

Отандастарымызды әлем мойындаған даналардың туындылары ар­қылы да рухани тәрбиелегеніміз жөн. Мысалы, әлемнің мықты 100 ойшылы мен классигі – А.Ясауи, Сократ, Конфуции, А.Ғазали, А.Науаи, У.Шекспир, А.Дюма, Э.Хемингуэй, Л.Толстой, А.Пушкин, тағы да басқалардың еңбектері мемлекеттік тілге аударылып, таратылса және оқу бағдарламаларына енгізілсе, жастарымыздың ой-өрісі, сана-сезімі арта түседі.

 

Еділ ЖАҢБЫРШИН,

Мәжіліс депутаты,

Ұлттық құрылтай мүшесі