• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Маусым, 2023

Көтерер жүгі салмақты жиын

289 рет
көрсетілді

Еліміздің тарихи астанасы саналатын киелі Түркістанда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы басталады. Алғашқы Құрылтай исі қазақтың алтын бесігі атанған Ұлытауда өткен болатын. 

Құрылтай деген сөз қазақ­қа бөтен емес. Қазақ қазақ болғалы, елдің, жер­дің өзге де келелі мәселелерді шешу үшін үш жүздің басын қосқан алқалы жиын – Құрылтай өтіп тұрған.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы­мен Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесі тара­тылып, оның орнына Ұлт­тық құ­рылтай құрылған еді. Кие­лі Түркі­стан жерінде өтетін құрыл­тай­­дың екінші жиынында қаралатын, тал­қы­­ға салынатын дүние көп. Ең бас­­тысы, мемлекеттің дамуы, елдің тұ­­тас­тығы, жердің бүтіндігі сөз б­о­лары анық. Өйткені қазіргі халық­аралық саясат ушығып тұрған кезде айналамызда болып жатқан оқи­­ға­­ларды сараптап, соған сай өзі­­міз­­­дің бағыт-бағдарымызды та­ра­­­зы­­лап отырғаннан ұтыл­­­май­­мыз. Құрылтайға қоғам бел­сен­дісі, партияның бас­шысы ретін­де шақы­рылып отырмын. Реті келсе, Құ­рыл­тай­да біз де өз ойымызды ай­тып, ұсыны­сымызды ортаға саламыз.

 

Азаматхан ӘМІРТАЙ,

Ұлттық құрылтай мүшесі