• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2023

«Тағылған айыпты мойындамаймын»: Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

602 рет
көрсетілді

Арыстанбек Мұхамедиұлына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін өткен сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы іске қатысты соңғы сөзін айтты.

«Құрметті судья, бұл жерде тек төрт адамның ғана емес, «Алтын адамның» да тағдыры сіздің қолыңызда. Жекеменшік аудиторлық компанияның қате қорытындысынан елдің мақтанышы неге зардап шегуі керек? Ақша жымқыру да, сөз байласу да болған жоқ. Ештеңе дәлелденбеген. Мен елдің заңдарын бұзған жоқпын. Тағылған айыпты  мойындамаймын.

Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқыру дегенге келісе алмаймын. Қазақтың «өлімнен ұят күшті» деген сөзі бар», деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.