• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Маусым, 2023

Қосшы қаласы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жол жөнделді

470 рет
көрсетілді

Жол жөндейтін мамандар Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар Р-3 «Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау» (16-35 шқ арасы) күре жолының нашар күйде болған 19 шақырымдық бөлігін жөндеді. Жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандар жаңа асфальт жабынын төсеп, жол жиегін тығыздап, жол таңба сызықтарын жаңартты.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында және Қосшы қаласына іргелес учаскеде 2 жаңа бағдаршамды орнатты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында жаңа аялдама павильоны ашылады.

Сонымен қатар Қабанбай батыр ауылының ішімен өтетін жол бөлігінде ескі көше шамдары заманауи энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Олардың әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы.