Әлеуметтік желіде Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына апарар айналма жолдың бойында құрғақ шөп мен бұталардың өртеніп жатқан видеолары тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт аумағы 15 гектарды құрады.
«Өрт сөндіру жұмыстарына қатты жел кедергі болып тұр. Батпақты жер мен кіреберіс жолдардың жоқтығы да жағдайды қиындатып отыр», делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Оқиға орнына 140 адам мен 40-қа жуық техника жұмылдырылды.