Бүгін, 19 маусымда өткен Үкімет отырысы барысында жаңа Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қызметіне адал болуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетсек, Сырым Шәріпханов бүгінгі Үкімет отырысына министр ретінде алғаш рет қатысып, әріптестерінің алдында ант берді.
«Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуі жолында жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін», деді Сырым Шәріпханов.
Премьер-министр Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің жаңа мүшесіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 10 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылған еді.