• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Маусым, 2023

Қостанайда діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

194 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында осы жылдың 5-9 маусым аралығында Қостанай облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде діндар әйелдер арасында бірқатар кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Т.З. Қожахметова, Г.К. Оразбаева, Г.Б. Далабаева, Ж.А. Садыкова, З.Б. Малгараева тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Қостанай, Лисаков, Қарабалық, Меңдіқара, Рудный, Денисов, қалалары мен аудандарында мешіт жамағатымен, жұмыспен қамту орталықтары мен орталық базарларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас әйелдермен, білім беру бөлімдерінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар және ұстаз әйелдермен т.б. семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.