«Қазгидромет» алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді.