• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әскер 19 Маусым, 2023

Жас патриоттар жиыны

310 рет
көрсетілді

Өткен сенбі күні Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орта­лығында жыл сайынғы «Айбын» жастар жиыны басталды. Іс-шара 23 маусымға дейін жалғасады.

Оқу орталығының аумағын­да 43 командадан тұратын 700-ден астам жасөспірім мен оқушы үшін шатырлы лагерь ашылды. Жиынға елі­міздің барлық өңірінен жас­тар жиналды. Әс­кери сайысқа Қарулы күш­тер­дің, басқа да әскерлер мен әс­ке­ри құралымдардың әскери-пат­риот­тық клубтарының, Саға­­дат Нұрмағамбетов атын­дағы әс­кери колледждің, «Жас ұлан» рес­публикалық мек­теп­те­рі­нің, конкурстық ірік­теу­ден өт­кен об­лыстық әскери мек­теп-ин­тер­наттардың тәрбие­ленушілері қатысып жатыр. Биылғы жиын­ның ерекшелігі – «Айбынға» алғаш рет Әзер­байжан мен Өзбек­станның командалары шақырылып отыр. Барлық коман­даның құрамында 14-17 жас ара­лығындағы балалар өз өнерле­рін ортаға салуда.

«Шахтерлер астанасының» теміржол вокзалына алғашқы ­болып Солтүстік Қазақстан, Жам­был облыстары мен Шымкент қаласы әскери-патриоттық клуб­тарының өкілдері, сондай-ақ Ал­маты, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» республикалық мек­тептерінің тәрбиеленушілері келіп жетті. Ұйымдастырушылар жиынға қатысушыларды әскери оркестр үнімен қарсы алды.

Байқау бағдарламасында «Ай­бын дарыны» зияткерлік ­ойы­ны және «Күшіміз – бірлік­те» әскери-далалық тактика­лық ойыны, «Айбын жұлдызы» шы­ғармашылық байқауы және «Smart Sarbaz» робототехника сайысы бар. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлері және әскерилендірілген эста­фета бойынша жарыстар өткізу ­үшін алаңдар дайындалды.

Жиында әскери техника көр­­­­месі, фильмдер көрсетілімі, мұ­ражайдың көшпелі экспози­ция­сы ұйым­дастырылмақ. Бала­лар­ға спорт­тық ойындар, алау жа­нын­­да­ғы кештер мен интер­ак­тив­ті кон­церт көрсетіледі. Бай­­­қау­­ға қаты­сушылар «Айбын – дос­­тық мекені» саябағына ағаш отырғы­зады. Танымал адам­­да­р­­­мен, ардагерлермен, медиатұл­ға­­­лармен кездесулер де күн тәр­тібінде тұр.

«Айбын» халықаралық жиы­ны аясында «Бірлік ордасы» көр­­месі ұйымдастырылады. Онда Қазақстан, Әзербайжан және Өз­бек­станның жас патриоттары өз халқының мәдени же­тіс­­тіктерін, үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін бо­лады.

17 маусымда басталған жиын­ның салтанатты ашылу рәсі­мі де өтті. Іс-шараға қорғаныс ми­нистрінің орынбасарлары, ге­нерал-лейтенант Сұлтан Кама­лет­динов пен генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Қара­ған­ды облысының әкімі Ерма­ған­бет Бөлекпаев пен депутат­тар қатысып, сөз сөйледі. Әскери өмірдің қыр-сырын үйретіп, бой­­­­ларына отаншылдық сезімін ұяла­­­татын бұл жиынның жас ба­ла­­лар үшін пайдасы ұшан-теңіз.

– Мен өз облысымның аты­нан халықаралық әскери-патриот­тық жиынға қатысып отырғанымды мақтаныш етемін. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелді және осы сайыста жеңіске жету үшін бар күшімізді салуға дайынбыз, – деп ағынан жарылды Жамбыл облысы «Жас ұлан» әскери-пат­риоттық клубының мүшесі Әсел Айтбай.