Астанада Омаров көшесінің Сығанақ және Мұхамедханов көшелерімен қиылысы кезең кезеңімен жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы кәріздің инженерлік желілері жұмысының басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты 16 маусым мен 30 шілде аралығында Сығанақ көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің І.Омаров көшесімен қиылысы көлік қозғалысы үшін кезең-кезеңімен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген хабарламада.