Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдауды субсидиялау кезінде кәсіпкерден бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялануға жатпайды.
Сондай-ақ Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.