• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2023

Германия президенті Әлихан Смайыловпен бірге Құрық портына барды

247 рет
көрсетілді

Аталған портқа аялдаған Фрэнк-Вальтер Штайнмайер инфрақұрылымдық нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия президенті теміржол және автомобиль көлігімен паромдарға жүкті тиеу процесін, сондай-ақ Каспий теңізінің Қазақстанның бөлігіндегі, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында осы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарларды бағамдап қайтты.

Бұл орайда Қазақстанның Үкімет басшысы ГФР президентіне аталған бағыт арқылы былтыр жүк тасымалының көлемі 2 есеге ұлғайғанын, сондай-ақ биылғы 5 айда 64%-ға артқанын жеткізді.

Құрық портын аралау кезінде тараптар транзиттік әлеуетті күшейту мен инвестиция тарту мәселелерінде ұзақмерзімді жемісті әріптестікті дамытып, нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар германиялықтар көлік-логистикасы бағытында перспективалы жобаларды іске асыруға бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.