• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Маусым, 2023

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті

Бір жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде күріш, картоп, сәбіз сияқты өнімдердің бағасы 9,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі соңғы аптада өзгерген жоқ. Жылдық мәнде баға 9,3 пайызға өскен.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда сәбіз (+3,3%), картоп (+3%), күріш (+1%), макарон мүйізі (+0,3%), сүзбе сияқты өнімдердің бағасы қымбаттады. Тауық пен сиыр етінің бағасы да шамалы өсті.

Сондай-ақ қырыққабат, тауық жұмыртқасы, қарақұмық, ұн бағасы керісінше арзандады.

Соңғы жаңалықтар