27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ Халықаралық «Елорда кубогі» турнирі өтеді, дп хабарлайды Egemen.kz.
Дүбірлі додаға 12 елден 200-ден астам спортшы қатысады. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.
Ерлер 13 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақтарын сынайды.
Жүлде қоры:
Бірінші орын -700 USD; Екінші орын-400 USD; Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі медальдар мен дипломдармен марапатталады.
Айта кетсек, Халықаралық турнир IBA жарыстарының техникалық ережелеріне сәйкес өтеді. Жекпе-жек 3 минутқа созылатын үш раундтан тұрады, раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. 10 ұпайлық IBA ұпай жүйесі қолданылады.
Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.