• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2023

Марат Қарабаев отандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

241 рет
көрсетілді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев отандық журналистермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қоғамдық пікірді қалыптастыруда БАҚ қызметкерлерінің рөлі бөлек. Сіздердің жұмысыңыз халыққа дұрыс әрі тексерілген ақпаратты жеткізіп, алуан түрлі мәселелерді шешуге септігін тигізіп келеді.

Осы орайда қалам ұстаған барлық азаматты кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Үкімет, Сенат және Мәжіліс отырыстарынан кейін 5-10 минуттың ішінде бүкіл қойылған сұраққа жауап беру мүмкін емес. Ал мұндай форматтағы кездесулер өте маңызды, оларды белгілі бір тақырып аясында тұрақты негізде өткізетін боламыз», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.