28 маусым мен 6 шілде күндері Құрбан айт пен Астана күні тойланатындықтан, Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нақтырақ айтқанда, 7 және 8 шілде күндері азаматтарды сағат 13:00-ге дейін тек кезекшілік белгіленген ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар қабылдайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, 1 шілде мамандандырылған және қарапайым Қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні саналады. Бұл күні ХҚО-лар азаматтарды 18:00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО-лар 20:30-ға дейін қабылдайды.
Айта кетсек, қазір елдегі мамандандырылған ХҚО-лар шетелдік көліктерді тіркеу мақсатында күшейтілген режимге көшті. 1 шілдеге дейін олар азаматтарды жұмыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру – 20:30-ға дейін), сенбі 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру 19:30-ға дейін) қабылдайды.
Бұл ретте Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші бөлімшелері - 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні - 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетінін айта кету керек. Шетелдік көліктерді тіркеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-лар осы кестеге оралады.