• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология 28 Маусым, 2023

Бүгін Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«28 маусымда Ақтөбе қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы қалыптасады», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар