• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Маусым, 2023

Платиналы дискіні музейге тапсырды

200 рет
көрсетілді

Әйгілі «Грэмми» сыйлы­ғының иегері Иманбек Зей­кенов Потанин атын­дағы тарихи-өлкетану му­зе­йіне өзінің платиналы дискі­сін тарту етті. Заманауи му­зы­калық коллекция саз өне­ріне аңсары ауған жас өрен­дер үшін қызықты болатынына дау жоқ.

Бұл жаңалықты Потанин атын­дағы Тарихи-өлкетану му­зейі әлеуметтік желідегі па­рақ­ша­сында хабарлады. «Қазақ­стан­дық диджей әрі саунд-продюсер Иманбек Зейкенов 2021 жылы алған платиналы дискіні музейге сыйлап, экспонаттар қорын толықтыра түс­ті. Жақын күндері бұл ерекше экспонатты біздің экспозицияларымыздан көре аласыздар» делінген ақпаратта. Музейдің бас қор сақтаушысы Әлия Жомартованың айтуынша, бүгінде аталған мекеменің қорында 143 мыңнан астам жә­дігер бар. Мәдени ұйымға қа­расты Майра Шамсутдинова атын­дағы ән-өнер музей-үйінде кө­біне саз өнеріне қатысты экс­по­наттар топтастырылған.

Айтып өтейік, платиналы дис­кіні Иманбек шетелдік танымал әнші-сазгерлер Rita Ora және David Guetta-мен бірге өңдеген «Big» композициясы үшін алған. Бұл тректе би музыкасы, электро-поп, хип-хоп және хаус ырғақтары бар. Кезінде музыка сыншылары әуен­де кез­десетін дыбыстар мен во­калға ерекше мән берген. Бұл туын­ды Болгариядағы музыка­лық чарт­тарда жетінші орынды иеленсе, Германия, Мажарстан, Ир­лан­дия, Литва, Швейцария, Ұлы­бри­тания елдерінде тыңдарман та­ра­пынан жоғары бағаланды. Bill­board Dance/Electronic Songs рей­тингінде 11-орынмен түйін­делді.

 

ПАВЛОДАР