Елордада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.