Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды», деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Айта кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылған еді.