• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Шілде, 2023

2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

352 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел, шаңды дауыл мен аптап ыстық болады. Осыған қарай елорда мен елдің 11 өңірінде өрт тұтану қаупі жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz   «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Астанада 2-3 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік, шығысында күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда 2 шілдеде күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. 

Қарағанды облысының оңтүстігіне шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 36 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз облыстың көп бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, батысында 23 м/с жетеді. 2-3 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары. Петропавлда 2 шілдеде күндіз оңтүстік-шығыстан жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 2-3 шілде күні өрт тұтану қаупі жоғары.

Атырау облысының солтүстік, шығыс пен оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, түнде шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 2 шілде күні облыстың солтүстік, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 2 шілде күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аумағында солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 17-22 м/с болады. 2-3 шілдеде облыстың көп бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Талдықорғанда 2-3 шілде күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

2 шілде күндіз Ұлытау облысының солтүстік және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 18 м/с. Күндіз облыстың көп бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болуы мүмкін. 2 шілдеде облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі болады. Жезқазғанда 2 шілде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 18 м/с жел тұруы мүмкін, 35-36 градус қатты ыстық болады.

2 шілде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік, батыс, орталығында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде облыстың оңтүстік, батыс, солтүстік, күндіз шығыс, оңтүстігіне оңтүстік-батыс, батыстан жылдамдығы 17-22 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 2 шілдеде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстік, батыс және орталығында күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік, батыс пен орталығында батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. Облыстың батыс, шығысында төтенше өрт қаупі, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 шілде күндіз күн күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 40 градус аптап ыстық болуы мүмкін. 2 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары.

Абай облысының оңтүстік-батысында 2 шілде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батыс, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстік, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Таңертең және күндіз солтүстік, батыс және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аймақтарында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады. 2 шілдеде облыстың көп бөлігінде төтенше өрт тұтану қаупі бар. Шымкентте 2 шілдеде төтенше өрт тұтану қаупі сақталады. Түркістанда 2 шілде күндіз 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

2 шілде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығыс, оңтүстігінде күн күркірейді, солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығыс, оңтүстігінде 15-20 м/с солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік пен батыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында 35-37 градус қатты ыстық болуы мүмкін. 2-3 шілдеде облыстың оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі жоғары.

2 шілде түнде Маңғыстау облысының батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысы, солтүстігі мен шығысында батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 2 шілде түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

2 шілде таңертең және күндіз Қостанай облысының батыс, солтүстік, оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанайда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.