Бокстан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәкен Бибосынов финалда тағы бір отандасымыз Кенже Мұратұлымен жұдырықтасты. Нәтижесінде Бибосынов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.
Сәкен Бибосынов - 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медальдар үшін таласып жатыр. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің былғары қолғап шеберлері бар.